Салмағы 200 тоннадан асатын өнімді Қостанай облысында өткізбек болған
Солтүстік Қазақстан облысында 32 млн теңгенің бидайын ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полицияға қызметкерлерінің мәліметінше, биыл мамырың соңы мен маусымның басында түнгі уақытта тіркемесі бар КамАЗ жүк көліктерімен Тимирязев ауданындағы ЖШС аумағынан салмағы 200 тоннадан асатын бидай шығарылған. Шығын 32 миллион теңгеге жуықтады.
СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері аудандық полиция бөліміндегі әріптестерімен бірлесіп, жүк көліктерінің жүргізушілері мен 1982, 1985 жылдары туған екі күдіктіні, сондай-ақ көршілес Қостанай облысындағы сатып алушыларды анықтады.
Қазірг ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық автокөлік тәркіленіп алынды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.