Астанада насыбай саудасына қарсы рейд әлі жүргізіліп жатыр (ВИДЕО)

Халық үні

4 айда 4 тоннасы тәркіленген

фото: 24.kz

Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімдігі қалалық полиция департаментімен бірлесіп, насыбай және вейп саудасын тоқтату үшін рейдтерді әлі жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni «Атамекен Бизнес» телеарнасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, биылғы 4 айда 4 тонна насыбай тәркіленіп, заңнан аттаған 150-ге жуық кәсіпкер айыппұл арқалаған. Бүгінге дейін мамандар 300-ден аса сауда нысандарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Олар бүгін де елордадағы сауда нүктелерінің біріне барды.

Жыл басынан бері Байқоңыр ауданы бойынша 4 тоннаға жуық насыбай тәркіленді. Аптасына екі рет тексеріс жүргізіліп жатыр, - деді Астана қаласының ПД учаскелік полиция инспекторы Оразалы Сайдулла.

Бұл жолы еш дүкеннен насыбай табылмаған. Өйткені қазір насыбай сатқандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынынан қоғам құлағдар. Оны сатушылардан сұрап келетіндердің де қатары сиреген.