Жарты жылда 125 867 адам қосылған
Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша жаңартылған деректі жариялады.
Ақпаратқа сүйенсек, 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, халық саны 20 159 707 адамды қамтыған. Оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637 адам, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам.
Жарты жылдың ішінде халық саны 125 867 адамға артқан. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 118 579 адамға, көші-қон есебінен 7 289 адамға өсті.
Халық санының ең жоғары өсу қарқыны – Астана мен Шымкент қалаларында, тиісінше 2,93% бен 1,38%. Сондай-ақ Алматы қаласында тіркелді – 1,33%.