Биылғы тамызда бірқатар заң күшіне енеді
Halyq Uni 2024 жылдың тамызынын бастап еліміздің заңнамасында болатын өзгерістер жайлы ақпарат әзірледі.
«Масс-медиа» туралы заң
20 тамыздан бастап «Масс-медиа» туралы заң күшіне енеді.
«Масс-медиа туралы» заңға «Бұқаралық ақпарат туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» қолданыстағы заңдарға төмендегі нормаларды енгізу көзделеді:
«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы арқылы 6 кодекске және 22 заңға «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзін негізгі заңға сәйкес «масс-медиа» сөзімен ауыстыру мәніндегі түзетулер енгізілді.
Сондай-ақ «Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде «Бұқаралық ақпарат туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың бір заңның аясына біріктірілуіне байланысты оларға қатысты нормалар да бір баптың аясына біріктіріліп, «бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «масс-медиа» сөзімен ауыстырылды.
Бұған қоса, тамызда құмар ойындармен күрес, жаңартылатын энергия көздері, еңбек және жұмыспен қамту, баспананы жекешелендіру, балалар құқығын қорғау, терроризммен күрес, көлік, мемлекеттік сатып алулар, азаматтық қорғаныс, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, аң аулау, кондоминиум және көппәтерлі үйлерді басқару, құқық қорғау органдары, әскери қызмкеткерлер, сәулет пен құрылыс, шетелдіктер және босқындар, ғылым мен білім, қайырымдылық, кәсіби есепшілер, медицина және денсаулық сақтау, сауда, азаматтық хал актілерін тіркеу, сот өнідірісі мен судьялар, өнеркәсіп, электрондық құжат айналымы, жер қойнауын пайдалану, темекі өнімдерін маркалау салаларындағы заңдар күшіне енеді.