×

A’Studio тобының әндері желісімен фильм түсірілді

Жақында оның тұсауы кесіледі

 Қымбат Елтайқызы 01.08.2024 | 15:50
фото: трейлерден скриншот

A’Studio тобының әндері желісімен түсірілген «Тоқта, түн» фильмі премьерасының күні белгіленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Тоқта, түн!» – бұл A’Studio тобының әндері желісімен түсірілген толықметрлі киномюзикл. Премьерасы 2024 жылдың 5 қыркүйегіне жоспарланған. Ол осы күннен бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

Кинокартина режиссері – Фархат Шәріпов. Ол 2010 жылы қазақстандық прокатта үлкен серпін әкелген толықметражды драма «Қызғылт қоян туралы хикая» арқылы танымал болған. Кейін Шәріпов бірнеше халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болған.

Кинокартинада негізгі оқиғаларды бейнелеуге алматылық A’Studio тобының 17 әні ұсынылған. Мюзиклде тыңдармандардың сүйікті хиттеріне айналған «Стоп, ночь!», «Солдат любви», «Грешная страсть», «Тик-так», «Еще люблю» және «Джулия» сияқты басқа да әндер орындалады. Көрерменге тосынсый ретінде топтың аты «Алмата» кезіндегі алғашқы альбомдағы әндер қазақша шырқалады. 

Фильмге динамика мен энергия беретін ең жарқын музыкалық қойылымдарды қоюға 500-ден аса әртүрлі стильдегі биші қатысты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама