Оның көлігі айыптұраққа қойылды
Шымкентте «Қорғау» бағдарламасы арқылы 100 млн теңгеден астам берешегі бар жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni басылымы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері төленбеген қарыздары бар көлік жүргізушісі туралы сигнал алып, патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне хабарлады. Mercedes-Benz S 350 көлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 110 миллион теңгеге жуық берешегі бар екені анықталды.
Тәртіп сақшылары автокөлік жүргізушісімен айыппұлдарды уақытылы төлеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көлікті айыптұраққа қойды, – делінген ақпаратта.
«Қорғау» қосымшасы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жалған нөмірлер, өтелмеген қарызы бар азаматтар мен басқа да заңбұзушылықтарға жиі жол беретін қауіпті жүргізушілерді анықтайды.