Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда бір айда 4,5 мың адам шекара заңнамасын бұзды

Шекара қызметі шілденің қорытындысын жариялады

 Динара Амантай 01.08.2024 | 11:54
Қазақстанда бір айда 4,5 мың адам шекара заңнамасын бұзды
Фото: Halyq Uni / Жансерік Күзембай

Қазақстанда бір айда 4,5 мың адам шекара заңнамасын бұзды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде шекарада 4 560 заңнама бұзушы ұсталған. Оның ішінде 35 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталса, 38 шетелдік шекараны бұзып өтпек болған.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 612 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 51 – есірткі заттары;
  • 111 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық және 206 дана суық қарулары, 77 дана оқ-дәрілер);
  • 26 – діни әдебиет (5 351 дана);
  • 424 – жалпы сомасы 17 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 мың литрден астам);
  • 835 – жалпы сомасы 2,6 млрд теңгеден асатын тұтыну тауарлары;
  • 165 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 39 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ:

  • 27 дана жүзу құралы;
  • жалпы ұзындығы 16,2 шақырым тор түрінде браконьерлік аулау құралдары;
  • 12 дана (4,5 келі) бекіре тұқымдас балық;
  • 3 481 дана (9 723 келі) балық;
  • 82 дана суда жүзетін тасбақа;
  • 12 дана суда жүзетін құс;
  • 1 дана каспий итбалығы.

Алды алынған залал көлемі – 42,5 млн теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама