Halyq Uni логотип
×

«10 жыл ішінде бүкіл тоғай жоғалуы мүмкін»: қазақстандық ғалымдар дабыл қағып отыр

Баум тоғайында 500 ағаш кесілмек

 Динара Амантай 08.06.2022 | 13:56
«10 жыл ішінде бүкіл тоғай жоғалуы мүмкін»: қазақстандық ғалымдар дабыл қағып отыр
Коллаж: Halyq Uni

Баум тоғайы – 150 жылдан астам тарихы бар табиғи ескерткіш. Ондағы қылқан жапырақты және жеміс ағаштарының көбі Еуропа, Америка және Шығыс Азия сияқты басқа елді мекендерден әкелінген.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы тоғайдың экожүйесінің жағдайына ғылыми зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде тоғайдағы ағаштардың үш пайызынан астамы кесуді қажет ететіндігі анықталды. Жүргізілген сараптамадан кейін 104 мың ағаштың 3 311-і авариялық, жарамсыз немесе зақымданған ағаштар екендігі белгілі болды.

Апаттық ағаштар зең ауруларынан зардап шегеді, егер олар жақын арада кесілмесе, келесі 10 жыл ішінде бүкіл тоғай жоғалуы мүмкін, – деп мәлімдеді академик Бұлқайыр Мамбетов.

Қала әкімдігі Зиянкестер мен аурулардың таралуын тоқтату үшін жарамсыз ағаштарды, құрғақ бұтақтарды, апатты ағаштарды алып тастау, құрғақ бұтақтарды кесу және тоғайды қоқыстардан тазарту сияқты бірқатар шараларды атқаруды жоспарлап отыр.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, апатты ағаштардың орнына жаңалары отырғызылады. Санитарлық кесу бойынша қоғамдық тыңдаулар маусым айына белгіленген. Тоғайдағы барлық жұмыстар заңнама нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама