Құқық қорғау органдарында жемқорлықты азайтуға бағытталған заң жобасы әзірленді
Тест өткізуші қызметкерлер арнайы іріктеуден өтеді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Кәсіби парасаттылыққа тестілеу туралы» заң жобасын әзірледі. Сол арқылы елімізде кәсіби парасаттылыққа тестілеу институтын қалыптастырмақ. Ол құқық қорғау органдардарында сыбайлас жемқорлық денгейін төмендетуге және халықтың осы органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етпек, деп хабарлайды Halyq Uni.
Заңның мақсаты – жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың заңда белгіленген қызметтік міндеттерін іске асыруына байланысты қойылатын әдеп талаптарын сақтауын қамтамасыз ету. Сонымен бірге тестілеу өткізетін қызметкерлерге қызметтік міндеттерін орындауда әдеп талаптарын жиі бұзу жағдайларының алдын алу. Ал тестілеу өткізетін қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің орындалуын бақылайды.
Тестілеуді прокуратура, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржылық мониторингі, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді.
Ал мұндай тест өткізуші лауазымына үміткер қызметкерлер психологиялық тестілеуден, полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Сондай-ақ, бұрынғы кәсіби біліктілігін зерделеу үшін арнайы алдын ала іріктеуге түседі.
Заң жобасы 14 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.