Кінәлі адам жауапқа тартылды
Сібір елігін аулаған браконьерді тергеу заңсыз тоқтатылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
СҚО прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық қудалау органы 2022 жылы Сібір елігін заңсыз аулау фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қозғаған. Оның нәтижелері бойынша қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған.
Мемлекетке 1,2 млн теңге залал келтірілсе де, қылмыстық қудалау органы залалды өтеу және броконьерді жауапқа тарту бойынша қажетті шараларды 2 жыл ішінде қабылдамаған.
Прокуратура заңсыз тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп-тексерудің күшін жойып, тергеп-тексерудің аяқтады. толықтығын қамтамасыз етті, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 9-бөлігі негізінде кінәлі адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сондай-ақ қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган 1,2 млн теңге көлемінде келтірілген залалды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 2024 жылғы 12 шілдеде аудандық сот зиянды өтеу туралы талап арызды толық көлемде қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.