Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысында балалар орталығының қызметкерлері жауапқа тартылды

Мекемеде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды

 Динара Амантай 31.07.2024 | 14:12
Қызылорда облысында балалар орталығының қызметкерлері жауапқа тартылды
Фото: gov.kz

Қызылорда облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталығының қызметкерлері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі мекемеге барып, бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, диетолог дайын тағамды тұтынуды есептеуде қателіктер жіберген. Сонымен қатар, медициналық-педагогикалық қызметте, паллиативтік бөлімді ашу мен ботулинотерапияны енгізуде және тағы басқа бұзушылықтар белгілі болды.

Өңірдегі өкіл заңбұзушылықтардың алдын алу және балалардың құқығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тиісті мемлекеттік органдарға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша өкілдің тарапынан ұсыныстар жолданды. Орталықтың 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама