Теміртауда 6 жасар бала терезеден құлап кетті

Динара Амантай

Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды

Көрнекі фото: Halyq Uni

Алты жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Теміртауда ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

ТЖМ ата-аналарға ескертеді:

  • балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • терезелерді арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз;
  • москит торлары терзеден құлаудан қорғаймайтынын есте ұстаңыз;
  • баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезден алыс ұстаңыз.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада 2 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткенін хабарлаған болатынбыз.