Нұрлан Нығматулиннің ұлдарының зауытында жұмысшы қаза тапты
Нұрхан, Нұржан Нұрлановтар ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бағасын көтеруден пайда тапқан
Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары бақылайтын «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар өндіру зауытында жұмысшы қаза тапты.
Бұл оқиға Тараз маңындағы зауытта болды, - деп растаған құқық қорғау органдары ҚазТАГ тілшісіне.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға аммофос өндіру цехында болған. Зауыттың 36 жастағы жұмысшысының басына кірпіш құлапты.
Еске сала кетсек, 5 сәуірде монополияға қарсы қызметкерлер «Қазфосфат» ЖШС-не қатысты аммофос бағасын негізсіз көтеру фактісі бойынша тергеудің басталғанын мәлімдеген еді. Ал аммофос – ең сұранысқа ие ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бірі.
Кейін Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары – Нұрхан мен Нұржан Нұрлановтардың «Қазфосфат» ЖШС-нің ауылшаруашылық тыңайтқыштарының бағасын көтеруден пайда тапқаны анықталды.