Halyq Uni логотип
×

Алматы тұрғыны ерлі-зайыпты қарияларды үйімен қоса өртеп жіберген

Жанжал мен араздық қылмысқа себеп болған

 Халық үні 30.07.2024 | 21:47
Алматы тұрғыны ерлі-зайыпты қарияларды үйімен қоса өртеп жіберген
фото: furman.top

Алматыда өртенген үйде қаза тапқандардың егде жастағы ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер ер адам өртке дейін қаза тапқан. Ал оның кемпірінің көз жұму себебі әлі жарияланған жоқ.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал мен араздық қылмысқа себеп болған, – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Басқа жағдайлар әлі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама