Астанада 2 жасар бала терезеден құлап кетті
ТЖМ ата-аналарға ескерту жасады
Астанада 2 жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін Сарыарқа ауданында болған.
Ведомство өкілдері москит торлары құлаудан қорғамайтынын ескертіп, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға әрі балаларға ересек адамның бақылауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеуге шақырады.
Еске сала кетсек, бұған дейін жыл басынан бері елімізде 102 бала терезеден құлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Осындай оқиғалардың салдарынан 7 адам қайтыс болған. Қалған 95-і әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.