×

Алматы облысында 25 бала тауда адасып кеткен

Олар кешкі уақытта жаттықтырушысымен бірге шыққан

 Динара Амантай 30.07.2024 | 15:17
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында 25 бала тауда адасып кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, Талғар ауданы Бесағаш ауылы аумағында 8-16 жас аралығындағы 25 бала мен олардың жаттықтырушысы кешкі уақытта үйреншікті жолымен тауға көтерілген. Бірақ кейінірек жол қысқартпақ болып, адасып кеткен. Қайтар жол қауіпті болғандықтан және қараңғы түсуінің салдарынан өздігінен жолға қайта шыға алмаған.

РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған топқа көмекке жетіп, ең қауіпсіз жолмен балаларды қауіпсіз жерге жеткізіп, туыстарына тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама