Абай облысында аудандық аурухананың 12 қызметкері жауапқа тартылды

Динара Амантай

Мекемеде науқастарға мерзімі өткен анестезия препараттарын қолданған

Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Мақаншы ауданының прокуратурасы жергілікті ауруханаға тексеру жүргізіп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша көптеген заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мекемеде дәрі-дәрмектер дұрыс сақталмай, есірткі заттары бар ампулалар уақтылы жойылмаған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектер науқастарға дұрыс тағайындалмаған болып шықты.

Бұған қоса ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолданылған.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы («Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу») бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, – делінген прокуратура хабарламасында.