Кесте Астана уақытымен берілген
Қазақстан Ұлттық құрамасы спортшыларының Париж Олимпиадасындағы 30 шілдеге арналған жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
12.00 – Стенд ату, Мария Дмитриенко
13.00 – Дзюдо, Абылайхан Жұбаназар
14.15 – Жүзу, Әділбек Мусин
17.00 – Дзюдо, Эсмигүл Куюлова
19.18 – Бокс, Нұрбек Оралбай – К.Петерс (Аустралия)
22.03 – Садақ ату, Ильфат Абдуллин – Э.Петерс (Канада)
23.00 – Бокс, Сәкен Бибосынов – C.Гумус (Түркия)
Қазақстандықтар XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарын Qazaqstan, Qazsport, Хабар, Ел арна және JibekJoly телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады, деп қосты Туризм және спорт министрлігі.