×

Ресеймен шекарада шегіртке азайды ма – қазіргі жағдай белгілі болды

Биыл осы аумақта зиянкестер қаптаған еді

 Қымбат Елтайқызы 30.07.2024 | 09:15
Фото: Sputnik / Алексей Куденко

Ресеймен шекаралас аумақтарда шегірткенің таралуына байланысты жағдай тұрақтанды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық штаб отырысында өткен аптадағы жағдай қаралды. Бүгінде шегірткенің таралу ошақтарын анықтау үшін 16,7 млн га аумаққа мониторинг жүргізілді, бұл жоспардың 98%-ын қамтиды. Қайта өңдеуді есепке алғанда, қорғаныс шараларын қолданудың жалпы ауданы 2,9 млн гектарға жетті, деп мәлімдеді Үкімет.

Ақмола, Ақтөбе және Қостанай облыстарында итальялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары жалғасып жатыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы шегірткенің таралу орындарын анықтау үшін Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша зерттеу жүргізілгенін атап өтті. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жағдай тұрақты, шегірткенің ұшып келу қаупі жоқ.

Ақтөбе және Абай облыстарында шегірткенің таралуы анықталған жоқ. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында Ресей Федерациясымен шектесетін аумақтарда шегірткенің шоғырлануы экономикалық зияндылық шегінен төмен», – деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Шегіртке таралуы ықтимал аймақтарда қажет болған жағдайда бақылау және өңдеу жұмыстары жалғасады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама