Оның сыбайластары да ұзақ мерзімге сотталды
Қостанайда 38 жастағы Фаина Титовец есімді азаматқа есірткі саудасымен айналысқан деген айыппен қылмыстық іс қозғалып, сот үкімі шықты.
Бұл туралы alau.kz хабарлады.
Оның ұзақ уақыт есірткіні заңсыз сатумен айналысқаны анықталды. Ол 14 жылға сотталды. Бірақ, Титовец кінәсін мойындамады. Оның есірткі тасымалдау үшін пайдаланылған «Mercedes» автокөлігі тәркіленді.
Сотта Александр Капитула мен Тимур Хафизов есімді азаматтар да 12 жылға бас бостандығынан айырылды.Тағы бір сотталушы Анна Коломейцеваның жазасы жеңілдетілді. Сот оның кінәсін мойындап, тергеу ісіне көмектескенін ескеріп, 6 жылға бас бостандығынан айырды.
Соттталған ер адамдар төтенше қауіпсіздік режимі бар колонияға жіберіледі. Әйелдер үшін орташа режим тағайындалды.