Бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тартқан
ТЖМ-ның бұрынғы қызметкері министрліктен 1 млн теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоғарғы соттың мәліметінше, Наталья Салтыкова Төтенше жағдайлар министрлігінде экономика және қаржы департаменті қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы болып қызмет атқарған. 2013 жылы арнайы атақ алып жүру құқығы жойылғаннан кейін, ол мемлекеттік әкімшілік лауазымға сарапшы, содан кейін сол басқарманың бас сарапшысы болып тағайындалды. 5 жылдан кейін Министрліктің бұйрығымен ол шекті жасқа жетуіне байланысты қызметінен босатылды.
Бұл ретте оған 20 жылдан 25 жылға дейінгі еңбек өтілі бар қызметкерлер үшін 6 айлық қамту мөлшерінде көзделген жұмыстан шығу жәрдемақысы төленбеген. Осыған байланысты Салтыкова министрліктің үстінен арыз жазып, 1 млн теңгені өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінген.
2021 жылы бірінші сатыдағы сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартқан.
Жоғарғы сот істі қайта қарап, Ережелер бойынша жеңілдіктер құқық қорғау органдарына жатпайтын басқа мемлекеттік органдарға ауысқан жағдайда ғана тоқтатылатынын анықтады. Бұйрыққа сәйкес өртке қарсы қызметтің капитаны, басқарманың бас маманы Наталья Салтыкова зейнеткерлікке шыққан кезде жеңілдіктерге құқығы сақталатын қызметкерлер тізіміне енгізілген.
Жоғары соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы осы іс бойынша сот актісінің күшін жойды, – делінген сот хабарламасында.
Салтыкованың талап арызы қанағаттандырылып, Министрліктен 1 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.