Әкімшілік іс сотқа жіберілді
Павлодарда есірткіге мас автобус жүргізушісі жолаушыларды тасымалдаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінеш, сағат 09:15 шамасында облыс орталығында Қамзин көшесі, 35 мекенжайында маршрут бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі тоқтатылған. Әңгімелесу кезінде полицей оның іс-қимылының оғаштығын байқады.
Сараптама нәтижелері бойынша автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде болды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып, қарау үшін сотқа жіберілді. Автобус желіден алынды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Айта кетсек, осы жылдың өзінде Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген 787 жүргізуші жазаланды. Оның 324-і облыс орталығында ұсталды.