Мектеп оқушысы бас бостандығынан айырылды – Атырау прокуратурасы

Айнұр Асылбекқызы

Мамыр айында өңірде 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған

көрнекі фото: ашық дереккөзден

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамыр айында облыс аумағында кәмелет жасқа толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Оның ішінде 13 қылмыстың ауырлығы орташа және жетеуі ауыр.

Мәселен, кәмелет жасқа толмаған К. есімді оқушы Telegram мессенджерінде жұмыс тәжірибесі жоқ, жалақысы жоғары жаяу курьер қажет екендігі туралы хабарландыруды тапқан.

«Осы хабарландыруға қызығушылық танытқан кәмелет жасқа толмаған К. курьердің жұмысы деп психотроптық заттарды жасырын орындарға салу, жеңіл материалды байыту мақсатын көздейтінін түсініп, аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында сақтау, тасымалдау, өткізуге бағытталған электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы қылмыстық ниеті анықталған. Нәтижесінде оқушы К. 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған», - деді облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян Бәкіров.