Күдіктінің уақытша мекенжайына тінту жүргізілді
Экстремистік материалдар таратқан атыраулыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Атырау және Ақтөбе облысының экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әлеуметтік желілер арқылы діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқан 18 жастағы Атырау облысының тұрғынын ұстады. Күдіктінің уақытша мекенжайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра, тағы басқа заттар тәркіленді.
Қазір күдіктіге қатысты «Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді іске асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.