Halyq Uni логотип
×

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды

Бес медицина маманы жарақат алды

 Халық үні 10.01.2022 | 11:46
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды
фото: ашық дереккөзден

Жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті.

Жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды. Станцияның 5 қызметкері, яғни 2 жүргізуші және 3 фельдшер жарақат алды, – деді Алматы қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб.

Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі (фаралар сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және т.б.), жарамсыз күйдегі 4 автокөлік, мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайтарылды.

Бұған дейін Алматы қаласында тәртіпсіздік салдарынан жедел жәрдемнің бес қызметкері зардап шеккенін хабарлаған едік.

Адамдар мегаполис емханалары мен ауруханаларына кіріп, медициналық мекемелердің мүлкі мен жабдықтарын қиратқан. Заңсыз әрекеттер салдарынан жедел жәрдемнің бес қызметкері, оның ішінде екі жүргізуші мен үш медицина қызметкері зардап шекті. Олар қалалық стационарларға жеткізілді, - деген еді 5-ші қаңтарда қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама