Halyq Uni логотип
×

Хиджаб киіп, қолына қару ұстаған қыздар Ақтау жұртын шошытты

Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 28.07.2024 | 17:39
Хиджаб киіп, қолына қару ұстаған қыздар Ақтау жұртын шошытты
фото: lada.kz

Полиция хиджаб киіп, қолына муляж автомат ұстап, түнде ақтаулықтарды қорқытқан қыздардың кім екенін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғаушылар тәртіп бұзған қыздарды Tik-Tok желісіндегі видеодан байқап қалған.

Тексеру шараларын жүргізу барысында аталған оқиғаға қатысы бар адамдар ұсталып, полицияға жеткізілді. Мәселен, Ақтаудың 15 жастағы тұрғыны 26 шілде күні шамамен сағат 22:30-да өзінің 17 жастағы құрбысымен кездесіп, ойыншық автоматтар сатып алған. Олар видеоконтент жасау үшін өздерін видеоға түсіріп, оны Тик Ток желісіне жүктеген, - деді облыстық полиция департаменті.

Қыздардың ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлады lada.kz

«Жасөспірімдердің заңды өкілдері кәмелетке толмаған балаларының жалғыз түнде үйден тыс жүргені және оларды тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту жасалып, қыздар профилактикалық есепке алынды», - деп қосты тәртіп сақшылары.

Бұған дейін тараған ақпаратқа сай, қыздар көшедегі адамдарға қару кезеген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама