Алматыда халықаралық цирк өнері фестивалі өтіп жатыр
Онда әлемнің 20-ға жуық елінен үздік әртістер өнер көрсетіп жатыр
Алматы қаласында Almaty Circus Festival екінші халықаралық цирк өнері фестивалі басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Цирк манежінде Қытай, Жапония, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан, Қазақстан және Эфиопия сияқты әлемнің 18 елінен 80-нен астам үздік әртіс өнер көрсетіп жатыр.
Сонымен қатар, фестиваль басталған күні Қазақ мемлекеттік цирк ұжымы 54-жылдығын атап өтті. Өткен жылы, араға 35 жыл салып, цирк әртістері Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен шетелге гастрольдік сапарларын қайта бастады. Қытай мен Ресейдің үздік цирк мектептерінде біліктілігін арттырып, оқудан өтті. Елден тыс жерлерде беделді конкурстар мен фестивальдарда марапаттарға ие болды,- деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.
Енді аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркі екінші жыл қатарынан халықаралық фестиваль өткізіп жатыр.