×

Ислам елдеріне зерттеу дайындау орталығы Қазақстан ғылымына қызығушылық танытты

Қос тарап жоғары білім саласында ынтымақтастық орнатуға келісті

 Қымбат Елтайқызы 27.07.2024 | 10:10
фото: Halyq Uni

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ислам елдеріне статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулерді дайындау орталығының (SESRIC) бас директоры Зехра Селчукпен кездесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кездесуде Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың негізгі мәселелері мен перспективалары, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Министр қатысушыларды Қазақстанның жоғары білім мен ғылым саласындағы жетістіктерімен таныстырды. Ол жоғары білім беру жүйесін дамыту және нығайту үшін ведомство жүргізіп жатқан реформалар туралы айтып, Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары жайлы бөлісті.

Зехра Селчук SESRIC қызметін таныстырып, орталық статистикалық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулерді дамыту, сондай-ақ ИЫҰ-ға қатысушы елдер үшін кадрлар даярлау бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын айтты, – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Кездесу барысында тараптар әрі қарай өзара ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізіп, бірлескен бастамаларды іске асыру үшін нақты қадамдарды белгіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама