Оларға жедел көмек көрсетілді
Құтқарушылар үш зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету бригадасы «Алматы-Екатеринбург» автожолында болған жол-көлік оқиғасына көмекке шықты. Онда жеңіл автокөлік бағанаға соғылды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құтқарушылар зардап шеккен үш адамға, оның ішінде бір балаға шұғыл медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендердің екеуі ауруханаға жеткізіліп, біреуі ауруханаға барудан бас тартты, – деп толықтырды ведомство.
Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар, деп ескертті ТЖМ мамандары.