Париж-2024: Бүгін қазақстандық спортшылар бірнеше сайыста бақ сынайды

Қымбат Елтайқызы

Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты кеше өткен еді

фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшылардың бүгінгі жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

27 шілде – Париж Олимпиадасының алғашқы ресми жарыс күнінде 14 жүлде сарапқа салынады. Ал қазақстандық атлеттер 4 спорт түрінен жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие, деп мәлімдеді Olympic.kz.

  • Академиялық есу 

12:00, Владислав Яковлев

  • Нысана көздеу

12:00 – іріктеу, 13:30 - финал

Ислам Сәтпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле

13:30, 15:30 – іріктеу

Никита Чирюкин, Ирина Юнусметова

  • Дзюдо

13:00 – іріктеу, 19:00 – жартылай финал, финал

Абиба Әбужақынова, Елдос Сметов

  • Теннис

15:00, Юлия Путинцева – М. Костюк (Украина)

18:00, Александр Бублик – Т. Фриц (АҚШ)

  • Спорттық гимнастика

18:30 – іріктеу, Милад Карими, Нариман Курбанов

  • Тас жолдағы велоспорт

19:32 – финал, Евгений Федоров

  • Үстел теннисі

00:30 (28 шілдеге қараған түні), Кирилл Герасименко – Н. Бургос (Чили)

  • Бокс

00:52, Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаречче (Испания).

Жарыс кестесі Астана уақытымен көрсетілген.

Бұған дейін қазақстандықтардың Олимпиаданың ашылуын тікелей эфирден көре алатыны жайлы жазған болатынбыз. Қазақстан құрамасы ту ұстаушыларының суреті қызу талқыланып жатқаны туралы да хабарлаған едік.