Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кетті
Ол Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген
Жамбыл облысының полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктінің қашып кеткенін хабарлап, іздеу жариялады.
Күдікті 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң әжетханаға шығып, одан әрі қашып кеткен.
Белгілері: бойы – 168 см, дене бітімі – арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек. Күдікті Nike жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген, – делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.