Әйтенов қылмыстық кодекстің 109-бабы (ұрып-соғу) бойынша сотқа тарылған
Астана сотында Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол қылмыстық кодекстің 109-бабы (ұрып-соғу) бойынша сотқа тарылған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Дана Әтешованы ұрып-соғып, шашынан тартқан емеспін. Данаға қауіп төнгеннен кейін, балаларыма қауіп төнгеннен кейін әке ретінде сол жерде болдым. Ұрған жоқпын, соққан жоқпын, мәжбүрлеген жоқпын, зорлық-зомбылық көрсеткен емеспін. (Денесінің көгергенін) мен білмеймін, бірақ сараптамада жазылған. Сараптама 13 шілдеде жасалған. Ол жағдай 12 шілдеде болды. Сараптамада әрекеттің 1-3 тәулік аралығында болғаны жазылған. Аяқ-қолын ұстағаным рас. Басы жерге ұрылмасын деп екі қолымды басының астына қойып, ұстап тұрғаным рас. Оған «екеуміз сөйлесейік» деп ұсыныс жасағаным рас», - деді сот отырысында Марат Әйтенов.
Әйтенов бұрынғы әйеліне күш қолдану туралы ойы болмағанын айтады.
Теріс пиғылым болған емес. Керісінше, балаларымның анасы, балаларымды қауіптен сақтаймын деген іс-әрекетім үшін айыпталып отырмын. Сол уақытта үйде сот орындаушылары болды. Сот орындаушылардың көзінше Дана Әтешова төбелес шығарып, мені сабалап жатқаннан кейін, сот орындаушының шешімін орындауға бөгет болып жатқаннан кейін оны қауіптен сақтап қалайын деп ұсыныс жасадым. «Сыртқа шығып, бейбіт жолмен сөйлесейік» дедім, - дейді Марат Әйтенов.
Айта кетейік, Марат Әйтенов «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директор қызметін атқарған. Сондай-ақ «Астана-қаржы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Альянс Банк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ол – Шымкенттің бұрынғы әкім Мұрат Әйтеновтің ағасы.
15 шілдеде Марат Айтенов қамауға алынды.
Ал Марат Әйтеновтің бұрынғы әйеліне ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Іс материалдарына сәйкес, Дана Әтешова отбасылық жанжал барысында бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновке қатысты былапыт сөздер айтқан.
Сотта әйел өз кінәсін мойындамады. Ол бұрынғы жұбайын былапыт сөздермен қорламағанын, тек былапыт сөздер түріндегі етістікті қолданғанын түсіндірді. Сонымен бірге бұрынғы күйеуінің үйде заңсыз болып, оны арандатқанын жеткізді, - делінген іс материалдарында.