×

Алматыда Алтынсарин даңғылында қозғалыс ішінара шектеледі

№6 қалалық ауруханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта жабық болады

 Халық үні 26.07.2024 | 16:56
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда Алтынсарин даңғылы бойынша жол жүру ішінара шектеледі. «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлауынша, жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

26 шілдеде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданында көлік қозғалысы Алтынсарин даңғылы бойынша №6 қалалық ауруханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта жабылады.

Алтынсарин даңғылындағы қозғалыс солтүстік бағытта ашық болады. Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі, – делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама