Halyq Uni логотип
×

Алматыда балалар үшін қауіпті тауар сатқан кәсіпкер анықталды

Кәсіпкерден 4 миллион теңгеден астам соманың мүлкі алынды

 Халық үні 26.07.2024 | 15:56
Алматыда балалар үшін қауіпті тауар сатқан кәсіпкер анықталды
Фото: Әділет министрлігі

Алматыда LEGO тауар белгісін заңсыз пайдалану дерегі анықталды. Кәсіпкерден 4 миллион теңгеден астам сомаға 3 145 контрафактілік өнім алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

25 шілдеде әділет органдары «Lego Juris A/S» компаниясы өкілінің өтініші бойынша Алматы қаласының көтерме сауда базарларының бірінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. «Б» ЖШС жұмысын тексерген кезде балалар конструкторларында «LEGO» тауар белгісін заңсыз пайдалану дерегі анықталған.

Бұл ойыншықтар зияткерлік меншік құқығын бұзып қана қоймай, балалардың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Контрафактілік ойыншықтарда қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін және сапасыз материалдардан жасалуы мүмкін. Бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне ауыр зардаптар әкелуі мүмкін, - делінген Әділет министрлігі таратқан ақпаратта.

Контрафактілік өнімдер танымал брендтерге деген сенімге нұқсан келтіреді және адал өндірушілерге зиян тигізеді.

Қазір әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабы бойынша кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүргізу шаралары қабылданып жатыр. Істің материалдары кінәліні одан әрі жауапқа тарту үшін сотқа жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама