Есіл өзеніне шомылған 21 жасөспірім полицияға жеткізілді
Елорда тұрғындарының тыйым салынған жерлерде шомылу деректері азаймай отыр
Төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлері Астанадағы Есіл өзеніне рейд жүргізіп, тыйым салынған жерге суға түскен 21 жасөспірімді полицияға жеткізді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, елорда тұрғындарының тыйым салынған жерлерде шомылу деректері азаймай отыр. Есіл өзенінің бойында жүргізілген бір күндік рейдте, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат материалдары таратылып, 19 адамға ескерту жасалды.
21 жасөспірім Алматы ауданының полиция басқармасына жеткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама рәсімделді, – делінген хабарламада.
ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға шақырады.