Ол қызметтік көлікке зақым келтірген
Жамбыл аудандық сотында билік өкiлiн қорлаған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сотта анықталғандай, биыл наурызда қоғамдық жерде алкогольдік масаң күйде болып, учаскелік полиция инспекторының талаптарын орындамай, билік өкілін қорлап, қорқытқан.
Бұған қоса, ол қызметтік автокөлікте отырған кезде артқы көрініс айнасын, алдыңғы әйнегін және күн сәулесінен қорғайтын құралын аяғымен теуіп сындырған.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Ауыр материалдық жағдайын айтып, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Соттың үкімімен сотталушы Б. кінәлі деп танылып, оған 60 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.