Оралда суға батып бара жатқан екі бала құтқарылды

Қымбат Елтайқызы

Кішкентай балғындар балық ауламақ болыпты

фото: Halyq Uni

Оралдық тәртіп сақшысы суға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.

«Оралда БҚО ПД полиция қызметкері суға батып кетпек болған екі баланы өлімнен арашалап қалды. Бір ажалдан аман қалған ойын балаларының айтуынша, олар бір-біріне еріп, ауылдың шетіндегі каналға барып, балық ауламақ болған. Ауыл шетіндегі бұл канал суы өте терең көрінеді. Мұқағалидың атасының айтуынша, балалар бұған дейін ескертусіз ешқайда бармапты. Үлкендер жеткіншектердің су жағалап кеткенін байқамай қалған. Келешегінен үлкен үміт күтіп отырған немерелерінің аман қалғанына қатты қуанышты атасы мен әке-шешесі сақшыға рахметін жеткізді», – дейді ІІМ.

Әрбір секунд қыл үстінде тұрған сын сәтте полицей балаларға жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, есін жиғызған. Бала қорқып кетті ме, өзі жүзіп шықпақ болды ма, көмекке шақырып айқайламапты. Шебер жүзетін тәртіп сақшысы өзінің бұл әрекетін бар болғаны адамдық борышы екенін айтты.

Мен бұл күні іссапармен ауылға келіп, жұмыстарымды реттеген соң, осы жерде демалып жүр едім. Бірнеше баланың су жағасында жүргенін байқадым. Алғашында олар суға түседі деп ойлаған жоқпын. Кейін бір баланың жағадан шамамен 5 метр қашықтықта суға батып бара жатқанын байқадым. Бірден суға түсіп алып шықтым. Екінші бала да суда малтып жатты. Оны да сүйреп алып шықтым. Алайда бес жасар Мұқағали су жұтқан, есінен айырылып қалған. Жасанды тыныс беріп, өкпесіне массаж жасап, қолымнан келгін көмекті жасадым. Шамамен 5 минут ішінде есін жиды. Жұтқан суын құсты. Мен оларды ата-аналарына тапсырдым, – дейді БҚО ПД КҚО инспектор-кинологі Ержан Қуанышев.

Енесімен ренжісіп қалған жас ана 3 айлық қызын суға батырып өлтірді. ШҚО-да жоғалған ер адамның жансыз денесі Ертістен табылды. TikTok-қа видео түсіріп жатқан студент суға батып кетті.