Өрттің себебі анықталып жатыр
Павлодар қаласында құтқарушылар медициналық орталықта болған өртті сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қаладағы 5 қабатты тұрғын үйде орналасқан медициналық орталықтардың бірінде жиһаз бен заттар жанған.
Өрт сөндірушілердің күшімен ауданы 10 шаршы метр аумаққа тараған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Екібастұзда бір үйдің үш баласы өртеніп кете жаздаған. Олардың ата-анасы мас болған.