Halyq Uni логотип
×

Павлодарда медициналық орталық өртенді

Өрттің себебі анықталып жатыр

 Динара Амантай 26.07.2024 | 10:53
Павлодарда медициналық орталық өртенді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар қаласында құтқарушылар медициналық орталықта болған өртті сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қаладағы 5 қабатты тұрғын үйде орналасқан медициналық орталықтардың бірінде жиһаз бен заттар жанған.

Өрт сөндірушілердің күшімен ауданы 10 шаршы метр аумаққа тараған өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.☎️

Еске сала кетсек, бұған дейін Екібастұзда бір үйдің үш баласы өртеніп кете жаздаған. Олардың ата-анасы мас болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама