Полицияға 20-дан аса күдікті жеткізілді
«Қазақмыстан» металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлері аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Кәсіпорынға келтірілген залал анықталып жатыр.
Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Еске сала кетсек, бұған дейін Qarmet-тен жанармай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.