Halyq Uni логотип
×

Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана қыркүйекте беріледі

Құрылысты жергілікті 8 мердігер мекеме жүргізіп жатыр

 Динара Амантай 25.07.2024 | 15:03
Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға арналған баспана қыркүйекте беріледі
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Жылыой ауданына жұмыс сапарымен барып, Болашақ ықшам ауданында салынып жатқан 100 үй құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тасқыннан үйі зақымдалған тұрғындарға арналған жалпы аумағы 100 шаршы метрлік үйлердің 86-сының іргетасы құйылып, 66-сының қабырғасы қаланды, ал 14-інің төбесі жабылып жатыр.

Құрылысқа жергілікті 8 мердігер мекеме және 233 жұмысшы жұмылдырылды. Үйлер қыркүйекте беріле бастайды.

Вице-министр жауапты басшыларға жұмыс күшін көбейтуді, құрылысты бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама