Halyq Uni логотип
×

Ферроқорытпа зауытындағы апат: арнайы комиссия куәгерлерден жауап алып жатыр

Жауапты тұлғалар да назардан тыс қалған жоқ

 Қымбат Елтайқызы 25.07.2024 | 13:37
Ферроқорытпа зауытындағы апат: арнайы комиссия куәгерлерден жауап алып жатыр
фото: kazchrome.com

Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы 24.07.2024 жылғы жағдай бойынша топтық жазатайым оқиға жөніндегі арнайы комиссияның атқарылған жұмысы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Halyq Uni.

«20.07.2024 ж. Қарағанды қаласындағы «YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытында топтық жазатайым оқиға болды. Еңбек заңнамасы шеңберінде жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын тергеу үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына барлық уәкілетті мемлекеттік орган өкілдері кірді», - деді басқарманың баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда комиссия жазатайым оқиға болған жерге тексеру жүргізді, оқиға болған жерді суретке түсірді, тергеу шеңберінде техникалық құжаттаманы (БиОТ бойынша нұсқаулықтар, кәсіп бойынша лауазымдық нұсқаулықтар және т.б.) зерделеді, тергеу шеңберінде алынған құжаттардың көшірмелерін беру үшін Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан ауданының полиция бөліміне сұрау жолдады, куәгерлер мен жауапты тұлғаларға сауалнама жүргізіліп жатыр, - деп толықтырды Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мұрат Қаракекілов.

Зауыттағы апаттан зардап шеккен 8 жұмысшының 4-еуі қаза тапты. Қалған төртеуінің ауруханада екені белгілі. Төрт азаматтың екеуінің халі жақсарғанымен, қалған екі пациент аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама