×

Ақмола облысының тұрғыны жалған медициналық анықтамаларды сатумен айналысқан

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 25.07.2024 | 12:03
Фото: Halyq Uni

Ақмола облысының тұрғыны медициналық анықтамаларды қолдан жасап, оларды сатумен айналысқан, деп хабарлайды Halyq Uni.

Степногорск қаласы прокуратурасының мәліметінше, жұмысқа тұру үшін немесе жүргізуші куәлігін алу кезінде пайдаланылған медициналық тексеруден өту туралы анықтамаларды қолдан жасау фактілері анықталған.

Тұрғындар алдын ала келісілген ақыға «Ш.» есімді азаматтан іс жүзінде медицина мамандарының нақты тексеруінсіз медициналық тексеруден өткені жөнінде жалған анықтамалар сатып алғаны анықталды. Тексеру нәтижесінде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама