×

Елімізде колледж студенттеріне 11 жатақхана салынып жатыр

Ол студенттердің 85%-дан астамын үй-жаймен қамтамасыз етеді

 Ербол Тұрымбет 25.07.2024 | 11:15
Фото: SDU

Ел өңірлерінде колледж студенттері үшін 2,6 мың төсек-орынға арналған 11 жаңа жатақхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл студенттердің 85%-дан астамын үй-жаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сонымен қатар министрлік дерегіне қарағанда, биыл бірінші жартыжылдықта мектепке дейінгі 27 мыңға жуық жаңа орын ашылған. Соның арқасында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 91,5%-ға дейін ұлғайтуға ықпал еткен.

Ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Тәлімгерлік институты енгізіліп, қамқоршылық органдары қызметкерлерінің штаты 46%-ға ұлғайтылды. Қазір олардың жалақысын 50%-ға арттыру мәселесі талқыланып жатыр, - деп жазылған ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосудың және жаңа орындарды ашудың қадамдық жоспары бекітілді.

Сонымен қатар министрлік орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама