Қазақстандықтар енді тегін құқықтық көмек ала алады

Қымбат Елтайқызы

Конституциялық сот заңгерлермен бірлесіп, азаматтарға кешенді көмек көрсетпек

фото: gov.kz

Конституциялық сотта әрбір азамат заңгерлік кеңес ала алады, деп хабарлайды Halyq Uni.

2023 жылдың қараша айынан бастап Конституциялық сотта Азаматтардың өтініштерін қабылдау орталығы жұмыс істейді. Жағдай айқын көрсетіп отырғандай, өз құқығын қорғау үшін Конституциялық сотқа жүгінгісі келетін азаматтар жетерлік. Алайда, азаматтар көтерген мәселелердің 90%-дан астамы конституциялық тексеруге рұқсат ету шарттарына сәйкес келмейді немесе басқаша айтқанда, оларды қарау Конституциялық соттың құзыретіне жатпайды. Олар жалпы немесе арнайы юрисдикция соттарда қаралуы немесе басқа атқарушы органдарға жолдануы тиіс, деп мәлімдеді Конституциялық сот.

Сондықтан, Конституциялық соттан түсініктеме ала отырып, тиісті жауап алған азаматтардың өз құқықтарын қорғау жөніндегі әрі қарайғы іс-әрекеттер бойынша заңгерлік кеңес алу немесе Конституциялық сотқа шағымдану туралы рұқсат ету шарттары туралы егжей-тегжей құқықтық ақпарат алу қажеттілігіне байланысты әлі де сұрақтардың болуы орынды.

Осыған байланысты Конституциялық сот аппараты, Республикалық заң консультанттары алқасы және Астана қаласының заң консультанттары палатасы арасында Азаматтардың өтініштерін қабылдау орталығында азаматтарға тегін кешенді құқықтық көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізілді, – деп толықтырды ведомство.

Осы уақытқа дейін Конституциялық сот аппаратының қызметкерлері өз бетінше әрі заңгерлермен, заң консультанттарымен бірлесіп, мыңнан астам азаматқа заңгерлік кеңес берді. Орталықтың байланыс номері 8 (7172) 57-62-55. Жұмыс кестесі 9.00 - 18.30 (сенбі, жексенбі – демалыс).