Астанада 55 жер телімі мемлекетке қайтарылды
Тұрғындар өтемақы алғанмен, сот шешімін орындамай келген
Астанада мемлекетке 55 жер учаскесі қайтарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Елорда прокуратурасының мәліметінше, жергілікті компаниялардың бірі ақшалай өтемақы алғанмен, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамай келген.
Тағы бір тұрғын 4 мың балаға арналған мектеп салу үшін жер телімін беруге тиіс болған. Алайда, ол да мемлекеттен өтемақы алса да, сот шешімін 1 жыл бойы орындамаған.
Прокурорлық қадағалау актісімен аталған сот актілері орындалып, жер телімдері мемлекетке берілді.