Атырау мұнай өңдеу зауыты экс-директорына қатысты тергеу аяқталды
Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығындағы әрекеті бойынша сотқа тартылған
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Тергеу қызметтік өкілетін қызмет мүддесіне қайшы пайдалану фактісі бойынша жүргізілді. Бұл әрекет мемлекетке аса ірі шығын түрінде ауыр зардаптарға соқтырған.
Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында компания қаражатынан ақшаны негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деген күдікке ілінген.
Оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.