Ферроқорытпа зауытындағы апат: бүгін тағы екі жұмысшы көз жұмды
Қарағанды ферроқорытпа зауытындағы оқыс оқиғадан жарақат алған тағы 3 жұмысшы қайтыс болды. Бұл туралы бүгін YDD Corporation баспасөз қызметі хабарлады.
Өкінішке қарай, бүгін ауруханада біздің әріптестеріміз – технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы, балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро және бас механик қызметінің шебері Жетпісбаев Төлеген Елеуұлы қайтыс болды. Әріптестеріміздің отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Біз әріптестеріміздің жақындарына осынау ауыр кезеңнен өтуге қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – делінген хабарламада.
Бұл ретте компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алып отыр.
Сондай-ақ мына міндеттемелерді атқарады:
- Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасау;
- Отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсету;
- Жұмысшылар мен олардың жұбайларының барлық несиесін толық өтеу.
⠀Одан бөлек, YDD Corporation барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, қалған әріптестерінің мүмкіндігінше тезірек өз отбасыларына оралуларына жағдай жасайды.