Қазір ол сәбиімен бірге ауруханада жатыр
Павлодар облысында 12 жасында өмірге бала әкелген қыздың жағдайы белгілі болды. Дәрігерлер қыздың қалай босанғанын айтып берді.
Белгілі болғандай, 12 жастағы оқушы кесарь тілігі арқылы босанып, қазір сәбиімен бірге ауруханада жатыр.
Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің айтуынша, кәмелетке толмаған бала жүктілік кезінде үнемі бақылауда болған. Оқушының келбетіндегі өзгерістерді байқаған мұғалімдер дәрігерлерге хабарласқан көрінеді. Жүктілігі расталғаннан кейін қыз жүкті әйелдер патологиясы бөліміне жатқызылды.
Қызға қауіп төніп тұрмағанын, баланың жағдайын анықтау үшін тексеру жүргіздік. Он күн ауруханада жатққаннан кейін үйге шығардық. Жүктіліктің 34-аптасында қыз бізге УЗИ-ге келді. Жүктілік қалыпты еді, ұрық мерзіміне сәйкес дамып жатты, ешқандай ауытқулар байқалмады, – деді Павлодар облыстық орталығы директорының міндетін атқарушы Инесса Высоцкая.
Дәрігердің пікірі Павлодар облысының балалар омбудсменінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жарияланды. Ресми мәлімет бойынша, 19 шілдеде жедел жәрдем бригадасы кәмелетке толмаған қызды толғақпен перинаталдық орталыққа жеткізген.
Қызды тексергеннен кейін оған жедел түрде кесарь тілігі жасалды. Салмағы 3 360 келі қыз бала дүниеге келді. Қазір анасы мен баласы дәрігерлердің бақылауында. Нәресте жасанды жолмен тамақтандырылып жатыр. Жас ана да дәрігерлердің қамқорлығында, – деп түсіндірді Высоцкая.
Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар облысының Шарбақты ауданында 19 шілдеде ауыл мектебінде оқитын 12 жастағы қыз босанған болатын. Өңірдің білім беру басқармасы жағдайды растады. Оқушы зорланған соң жүкті болып қалған.