Сотта осы іс бойынша айыпталған Нұрбол Теңізбаев есімді азамат та болған
Алматыда блогер Айғаным Мырзахметованың (Айка) ісі бойынша апелляциялық сот отырысы өтті.
Айыпталушы Айғаным Мырзахметова бірінші сатыдағы соттың үкімімен 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сотталушы сот шешіміне шағымданды. Алайда апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сот отырысы жабық форматта, БАҚ-тың қатысуынсыз өткен.
Алғашқы сот процесі де жабық өткен болатын. Айкадан басқа, сотта осы іс бойынша айыпталған Нұрбол Теңізбаев есімді азамат та болған. Айғаным Мырзахметова 6,5 жылға, екінші айыпталушы 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетсек, 2023 жылы желіде Алматыда элиталық эскорт қызметін көрсеткен қыздар мен олардың тұтынушылары туралы ақпарат бар тізім тараған еді. Тізімнің «Айка» лақап атымен танымал блогердің телефон кітапшасы негізінде дайындалғаны хабарланды.